Ер адам әйелді өлтіргенін мойындаған

Батыс Қазақстан облысында әйелдің өлімі бойынша тергеу жүргізілуде.

Алматы, NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, оқиға 3 қыркүйек күні Ақсай қаласына іргелес Аралтал ауылында орын алды.

Жасы 35-40 шамасындағы әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ер адам әйелді өлтіргені жөнінде полицияға өзі хабарлаған. Бөрлі ауданы полиция бөлімі оқиғаның 3 қыркүйек күні түнгі сағат 03.09-де болғанын, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр