Ер адам азаматтық некедегі әйелін баласының көзінше пышақтап тастаған: Өзі 25-қабаттан секіріп, аман қалды

Астанадағы «Орбита» тұрғын үй кешенінде 36 жастағы азамат жанжал кезінде азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, артынша көпқабатты үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Ол көлік үстіне құлап, тірі қалған.

t.me/kriminal_kazakhstan

Астана, NEGE. Қайғылы оқиға 19 маусым күні күндіз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пәтер ішіндегі жанжалды балалардың бірі көрген. 33 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Оның 7 және 10 жастағы балалары анасыз қалды. 

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, оның барысында күйеуі әйелін пышақтаған. Кейін тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазір қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр, тексеру амалдары басталды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?