Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Алматы-Өскемен тасжолында Chevrolet Monza автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, тіркемесі бар Iveco жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Полиция. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Жол апаты бейнетіркегішке түсіп қалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Monza автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, тіркемесі бар Iveco жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан жүк көлігі аударылып, қарсы бағытта келе жатқан Mazda автокөлігін басып қалған», – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.

Сондай-ақ, сол бағытта келе жатқан Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі соқтығысудың алдын алу үшін жол жиегіне шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mazda және Chevrolet Monza көліктерінің жүргізушілері жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды