Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
20 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.