ЕО Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды енгізеді
Еуроодақтың Ресейге қарсы алғашқы санкциялары бүгін қабылданбақ. Ұлыбритания да шектеулер салады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы. NEGE. Бірақ ЕО Ресейдің Луганск және Донецк халық республикаларының егемендігін мойындауына байланысты тағы да шектеулер салады. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді.
Борис Джонсон Ұлыбритания да Мәскеуге қарсы шектеулі санкциялар пакетін 22 ақпанда енгізетінін айтты. Оның айтуынша, Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатыр. 21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.