ЕО Ресей Банкінің 23 млрд еуро тұратын активтерін бұғаттады

Еуроодақ елдері Ресей Федерациясының Орталық Банкінің 23 млрд еуро тұратын активтерін бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Еурокомиссар Дидье Рейндерс осындай мәлімдеме жасаған. Еуропалық Комиссияның ЕО-ға мүше 27 елден алған ақпаратына сәйкес, бұл активтердің оннан бір бөлігі ғана одақ аймағында орналасқан.

Наурыз айынан бері АҚШ, Ұлыбритания және Жапония да Ресейдің Орталық банкіне санкциялар енгізіп, оның резервтерін бұғаттады.

Бұған дейін Еуроодақ Ресейдің активтері мен резервтері басқаруына қатысты операцияларға тыйым салған болатын. Құжатта Ресейдің орталық банкінің резервтерін, сондай-ақ активтерін басқаруға байланысты операцияларға, оның ішінде Ресейдің орталық банкінің атынан әрекет ететін кез-келген заңды тұлғамен, ұйыммен немесе органмен байланысты операцияларға тыйым салатыны жазылған.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін