ЕО Өзбекстанның аграрлық саласына 40 млн еуро бөледі

Өзбекстан үкіметі мен Еуропа одағының өкілдері Өзбекстанның ауылшаруашылығына 40 млн еуро көлемінде қаржылай қолдау көрсету туралы келісімге қол қойды.

Алматы, NEGE. Бұл қаржы Өзбекстанға 2020-2030 жылдарға арналған аграрлық өнім саласын дамытуға арналған жаңа мемлекеттік даму стратегиясын жүзеге асыруға жұмсалмақ. Өзбек билігі бағдарлама аясында фермерлер мен аграрлық кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсетуді көздейді.

Қаржы бірінші кезекте саланы жаңғыртуға және реформалардың жүруін жеделдетуге жұмсалады. Өзбекстанда қолға алынған бағдарламаның түпкі мақсаты – елді бағалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен экспортқа шығару бойынша Орталық Азияда жетекші орынға шығару.  

 

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?