ЕО Украинаға 6 наурызда жүздеген миллиард еуро қаржы бөлуі мүмкін – Макрон

Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон La Tribune газетіне берген сұхбатында айтты, – деп жазды ТАСС.

m24.ru

Алматы, NEGE. Еуропалық Одақ 6 наурызда өтетін саммитінде Украинаға жүздеген миллиард еуро көлемінде қаржы бөлуді мақұлдауы мүмкін.

 – Бұл кездесудің мақсаты – Украинаға қолдауды күшейту және Еурокомиссияға мүмкіндігінше тезірек ауқымды бірлескен қаржыландыруды бастау мандатын беру. Өйткені, біздің қауіпсіздігімізге қатер төніп тұр. Бұл орайда, 6 наурыздағы саммит өте маңызды. Ол кезде ауқымды қаржыландыру жүздеген миллиард еуроны құрауы мүмкін, – деді француз басшысы.

Газет жазғандай, Франция президенті Украинаны қаржыландыру және еуропалық қауіпсіздік архитектурасын құру жылдарға созылатынына сенімді.

– Сондықтан біз қысқа мерзімде АҚШ-тың қолдауын сақтау үшін барлығын жасауымыз керек, – деген Макрон.

Ол АҚШ президенті Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы кикілжіңге қатысты пікірінде екі жақты да сабырға шақырады.

 

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған