ЕО министрлері Ирандағы шиеленісті талқылауға жиналады

Дүйсенбі күні Брюссель қаласында Еуропалық Одақтың Сыртқы істер кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Жиын барысында ЕО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ирандағы жағдайды және өңірлік қауіпсіздікті жан-жақты талқылайды.

РИА новости

АЛМАТЫ, NEGE. ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жаңа жоғары өкілі Кая Каллас жексенбі күні мәлімдеме жасап, Иранға қатысты алаңдаушылығын білдірді.

– Иранның ядролық қару жасауына жол беруге болмайды. Бұл – халықаралық қауіпсіздікке тікелей қатер. Біз барлық тараптарды сабырға келіп, келіссөздер үстеліне қайта отыруға шақырамыз. Қақтығыстың ушығуына жол берілмеуі тиіс, – деді Каллас.

Оның айтуынша, Ирандағы шиеленіс пен ядролық бағдарлама төңірегіндегі ахуал Еуроодақ министрлерінің басты назарында болады.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды