ЕО басшылары Путин мен Трамп кездесуінен кейін мәлімдеме жасады

Аляскада өткен Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөздерінен соң Еуроодақ көшбасшылары Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты саммитті күтетінін мәлімдеді. Бұл туралы CNN хабарлады.

УНИАН

Алматы, NEGE. ЕО басшылары қол қойған бірлескен құжатта:

– «Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін нақты қауіпсіздік кепілдігіне ие болуы тиіс. Біз президент Трамптың АҚШ-тың мұндай кепілдік беруге дайын екені туралы мәлімдемесін құптаймыз. “Қалаулылар коалициясы” белсенді рөл атқаруға әзір», – делінген.

Мәлімдемеге Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон, Италия премьер-министрі Джорджия Мелони, Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер, Финляндия президенті Александр Стубб, Польша премьер-министрі Дональд Туск, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен және Еуропалық кеңес төрағасы Антонио Коста қол қойды.

Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен сөйлескеннен кейін Трамп та пікір білдірді.

– «Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті тоқтатудың ең дұрыс жолы – іске аспайтын атысты тоқтату емес, соғысты түбегейлі аяқтайтын бейбіт келісімге келу. Президент Зеленский дүйсенбі күні түстен кейін Вашингтондағы Ақ үйге келеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, біз президент Путинмен келесі кездесуді белгілейміз», – деп жазды ол Truth Social парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады