Энтони Фаучи Ресейдің вакцинасына күмәнмен қарайды

АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмән келтірді.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Аллергия мен инфекция аурулары ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі тіркеген коронавирус инфекциясының алдын алу үшін шығарылған әлемдегі алғашқы жаңа вакцина қауіпсіз және нәтижелі болатын шығар деген үмітін білдірді.

Құрама Штаттардың бас инфекционист дәрігері сейсенбі күні National Geographic телеарнасы ұйымдастырған сарапшылар пікірталасы кезінде осындай ой білдірген.

«Мен ресейліктер бұл вакцинаның қауіпсіз және тиімді екенін барынша анықтады деп үміттенемін. Алайда, олардың соны жасағанына күмәнім зор», – деді Фаучи.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды