Ентігу мен жүрегіне ауа жетпейді: Амандық Баталов астанаға жеткізілді

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр.

Aлматы, NEGE. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрекке ауа жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады", - деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

"Ол жерде ем алып жатыр, жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі", - деді Байжұманов.

Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді