Енесінің атынан несие алған келін ұсталды
Ордабасы ауданы полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленуші әйелдің атынан бейтаныс біреу несие алған.
Алматы, NEGE. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Яғни, күдікті енесінің атынан несие рәсімдеп, алған ақшаны өз қажетіне жаратып жіберген.
Сондай-ақ, күдіктінің бұдан алдын да ұрлық жайты бойынша сотты болғаны расталды.
Қазіргі таңда жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.