Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды. Бұл туралы ҚР ЭМ Баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE. 17 қаңтарда Министрдің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі лауазымына Ерментаев Серікжан тағайындалды. Серікжан Ерментаевтың БАҚ саласында жұмыс тәжірибесі бар, квазимемлекеттік секторда басқарушы лауазымдарды атқарған, соңғы жұмыс орны – Атырау облысы әкімінің аппараты Баспасөз қызметінің басшысы.

Энергетика министрлігінің ресми өкілі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Жеңісбек Нұрлыбек Президенттік жастар кадр резервінің құрамына кіріп, басқа жұмысқа ауысуда.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды