Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетеді

2023 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кететінін хабарлады.

Алматы, NEGE. "Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ведомство хабарламасында.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, жылу электр станциялары, жаңартылатын энергия көздері салаларына жауапты болған.