Энергетика министрлігі Петропавлдағы ЖЭО апатының себебін атады

Энергетика министрлігі Петропавл ЖЭО-2-дегі апаттың себебін атады.

Алматы, NEGE. "26 наурызда сағат 21.30-да Петропавл ЖЭО-2-де қолайсыз температуралардың (-13 С) әсерінен ашық жылу контуры салдарынан импульстік түтіктердің қатып қалды. Оның себебі - 20 наурызда мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цехтың қысымсыздануы", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта импульстік түтіктер жылытылғаны, ЖЭО-2-де үш қазандық жұмыс істеп тұрғаны хабарланды. Төртінші қазандық жағыла бастады, жақын арада бесінші қазандық агрегаты жұмысқа қосылуы тиіс.

Қазіргі уақытта желінің температурасы 45 градус, күн соңына дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.