Энергетика министрі жанар-жағармай бағасының өсу себебін түсіндірді

Жанар-жағармайдың бағасы неге өсіп барады? Бұл мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істемеуінің салдары емес пе? Nege.kz порталы жолдаған осы сауалдарға Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді.

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, жағармайдың қымбаттауына зауыттардың қалыпты жұмыс істемеуі себеп. 

«Жанар-жағармайдың бағасының өсуі мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істемеуінің салдары деп те айтуға болады. Бірақ қазіргі таңда жанармай шығаратын үш зауыт та жұмыс істеп тұр. Жоғарыда аталған себептер бойынша Атырау мұнай зауытында электр қуатының уақытылы берілмеуі салдарынан осындай үзілістер болған. Жақында Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары да өз әсерін тигізді. 2016 жылдан бастап жанармайдың бағасын Үкімет реттемейді. Бұл нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың негізінде қалыптасатын жағдай», – деді Нұрлан Ноғаев. 

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады