Энергетика министрі қазақшаны 6 айда үйренуді уәде етті

11 сәуірде өткен үкімет отырысының кулуарында журналистер Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен қазақша жауап беруді өтінді.

Алматы, NEGE. Ол негізгі сұрақтардың бәріне орысша жауап берді.

"Кешіріңіз, мен өз ана тілімді негізі білемін. Бірақ қазақша сөйлеу деңгейімді көтеруім керек. Маған алты ай беріңіз. Сонда барлық сұрағыңызға қазақ тілінде жауап беремін. Маған алты ай беріңіз, кешіріңіз. Сапалы жауап беремін", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.