Энергетика министрлігі заң талаптарын бұзған – Бас прокуратура

Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде Батыс Қазақстан облысында метанол өндірісі бойынша газ-химия кешенін салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі заң талаптарын бұза отырып (15 жұмыс күнінің орнына) инвестициялар туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі Комиссияны құру мерзімін 60 күнге дейін созған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Энергетика министрлігінің Департамент директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда прокурорлар инвесторлардың 218 проблемалық кейсін шешті. Жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды