Жанармай бағасы 16 қазан деңгейінде бекітілді

Энергетика министрлігі автожанармай құю бекеттеріндегі жанар-жағармай бағасына енгізілген уақытша мораторийдің тәртібін түсіндірді. Бұл шара ішкі нарықты тұрақтандыру және тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында қабылданған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мораторийдің негізгі шарты – АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын 2025 жылғы 16 қазандағы деңгейде сақтау. Ел бойынша бірыңғай шекті баға белгіленбейді. Мұндай тәсіл нарықтағы бәсекелестікті сақтауға мүмкіндік береді.

Қазір ірі бекеттерде АИ-92 бензині литріне 213–239 теңге, ал дизель отыны 317–337 теңге аралығында сатылуда.

Елімізде жанармай қоры 3–4 аптаға жеткілікті деңгейде және тұрақты толықтырылып отырады. Қазіргі таңда АИ-92 бензинінің көлемі 341 мың тоннаны, дизель отыны 405 мың тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіштер бағаның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?