Энергетика министрі бір жылда қанша табыс тапқанын айтты

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бір жылдағы табысы ретінде 20 миллион теңге декларациялағанын мәлімдеді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Оның айтуынша, өткен жылы министр ретіндегі еңбекақысы жалғыз табыс көзі болған.

«Мен саяси мемлекеттік қызметшімін. Декларацияны заңнама талаптарына сәйкес тапсырдым. Егер қосымша табыс туралы айтып отырсаңыздар, онда өткен жылғы жалғыз табыс көзім министр ретіндегі жалақым болды. Қосымша табысым жоқ», – деді министр кулуарда.

Сондай-ақ ведомство басшысы жалақысы туралы сұраққа да жауап беріп өтті. Ол сайын 1,2 миллион теңгедей табыс табатынын айтты. Бұл ретте декларацияда заңнамада көзделген сыйақы төлемдерін де көрсеткенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады