Енді принтерлер үй сала алады
Мексиканың Табаско штатында кедей отбасылар үшін құрылыс істерін жүргізіп жатқан Icon стартапы, New Story және Echale коммерциялық емес ұйымдары 3D-принтер көмегімен болашақ ауылдың негізі болатын алғашқы екі үйді басып шығарды.
Алматы, NEGE. Үйлер Icon Vulcan II принтеріндегі арнайы бетон қоспасын пайдаланып салынды. Бұл принтер ауа райының өзгеруіне және ресурстардың шектеулі болуына байланысты құрылысы қиын жүретін ауылдық жерлерге арналған. Үйлер салуда ауданның жоғары сейсмикалық белсенділігі ескерілген.
Екі жатын бөлмесі, қонақүйі, ас үйі және моншасы бар стандартты үй 46,5 шаршы метр. Осындай көлемдегі үйді принтерге басып шығару үшін небәрі 24 сағат уақыт кеткен. Ал, бағасы тіптен қолжетімді. 4000 АҚШ долларыңыз болса үйлісіз. Стартап ауылда осындай тағы 50 үй салуды жоспарлап отыр. Жаңа қоныс өмір сүру үшін барлық қажеттілікпен қамтылған. Жаңа қонысқа иелері 2020 жылдың басында көшеді.