Енді несиесі барлар жаңа несие ала алмайды

Қарызы бар қазақстандықтар енді жаңа несие ала алмайды.

Алматы, NEGE. Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту туралы заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Өзгерістер азаматтардың қарыздық жүктемесін азайтуға көмектеседі деген ойда. 

Қазақстандағы банктер беретін несиелердің көлемі жыл сайын артып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, тұтынушылық несиелер 2021 жылы 40 пайызға өскен. 

Несиелік бюроға ақпарат беру мерзімі де қысқарады - 15-тен бір жұмыс күніне дейін. Шағын несие бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері, сондай-ақ өсімпұл мөлшері де шектеледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты