Енді интернетке видео жүктеу үшін лицензия керек

Малайзияның коммуникация және мультимедиа министр Сайфуддин Абдулла әлеуметтік желі қолданушылары интернетке видео жүктеуі үшін лицензия алу керегін айтты.

Алматы, NEGE. Министрдің мәлімдемесі желі қолданушыларын аң-таң етті. Себебі, Сайфуддин Абдулла әлеуметтік желі пайда болғанға дейін қолданыста болған кино туралы заңнан үзінді келтірген. 

Министрдің сөзінен кейін желі қолданушылары интернетке фото және видеоларды жүктей бастады.

«Видеоны жіберіп, жауап күтіп отырмын. Растауы керек», – дейді желі қолданушыларының бірі.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді