Енді Энтони карантинге кетті

Аты әлемге белгілі былғары қолғап шебері, WBA, IBF, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа коронавирус қаупімен жұрттан оқшауланды.

Алматы, NEGE. Жергілікті Sun басылымының мәліметіне қарағанда, британдық боксшы 25 наурызда Чарльз ханзададан қауіпті індет анықталған соң, осындай шешім қабылдаған. Себебі боксшы Чарльзбен наурыз айында өткен Достастық шарасында кездескен екен.

Ақпаратқа қарағанда, Энтони Джошуа өз үйінде оқшауланған. Одан әзірге ауру белгілері байқалмаған.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайды кім басқарады?

Байдың балаларын полициядағы лауазымды тұлғалар қорғаштайды – депутат

Алатау қаласы туралы Конституциялық заң қабылданды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?