Енді алманы 1 жыл сақтауға болады

Жаңа алманы сұрыптап шығаруға 20 жыл кеткен. Cosmic Crisp деп аталатын алманы Вашингтон штатының университеті ғалымдары Honeycrisp және Enterprise гибрид сорттарынан алғаш рет 1997 жылы шығарған.

Вашингтон штатының фермерлері бұл сұрыпты алдағы 10 жыл тек қана өздері өсіруге эксклюзив құқық алған. «Бұл қатты әрі нәрлі қышқыл-тәтті дәмі бар алма», – дейді университеттің осы сортты селекциялау бағдарламасын басқарған Кейт Эванс.

Оның айтуынша, алма тоңазытқышты 10-12 ай сақтау кезінде өзінің қызыл түсі мен керемет дәмін өте баяу жоғалтады.

Қазіргі уақытта штатта осы алманың 12 миллион түп ағашы егілген. Алайда лицензия жүйесінің қатаң талабы оны Вашингтон штатынан басқа жерде өсіруге рұқсат бермейді.

Бастапқыда алма түрі WA38 деп белгіленген, кейін түнгі жұлдызды аспанға ұқсайтын ақ дақтары көп болғандықтан Cosmic Crisp деп аталған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты