Енді жүргізуші куәліктерінде чип болмайды

Жүргізуші куәліктерінен чип алынып тасталады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаевтың мәлімдеді.

Полиция

Алматы, NEGE. Дегенмен құжаттың бағасы өзгермейді, себебі мемлекеттік баж салығының мөлшері Салық кодексінде бекітілген.

«Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж Салық кодексінде белгіленген. Ол бұрынғысынша қалады, өйткені төлем құжатты беру процесі үшін алынады», - деді Әлібек Кеңесбаев.

Оның айтуынша, чиптің қажеттілігі жойылған, себебі жол полициясы қызметкерлері барлық деректерді мемлекеттік базалардан онлайн режимінде ала алады. Сондықтан жүргізушілерге куәлікті өзімен бірге алып жүру міндетті болмайды.

Бұрын берілген жүргізуші куәліктері өз мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қала береді. Ал чипсіз жаңа куәліктер 2026 жылдың бірінші жартысынан бастап беріледі. Құжаттың дизайны өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінде адам өлімінен кейінгі донорлық туралы ақпарат орналастырылмайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты