Енді жеке медициналық кітапшалар тек электронды түрде беріле бастайды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшалардың электрондық форматы енгізілді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл механизм арқылы құжатты бірнеше мекемелерде қолдануға болады.

Енді Еgov mobile мобильдік қосымшасындағы «E-Densaulyk» сервисі арқылы медициналық тексеру нәтижелері мен санитариялық кітапшасы туралы деректерді алуға болады.

Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартады және терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.

Қазір оқып жатыр

Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

Қазақстанда нотариустардың қызметін бақылау күшейтілмек

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ