Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Ол eGov.kz порталы және Мgov мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Polisia.kz.

gov.kz

Алматы, NEGE. Егер куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн және одан аз уақыт қалса, сондай-ақ жарамдылық мерзімінің өтуіне 10 күннен аспаса, бұл қызметті онлайн алуға болады.

Онлайн-форматта құжаттау азаматтарға:

– жеке куәлік ауыстыруға өтінім беруге;

– фотосурет жүктеп, қолтаңба қоюға;

– жеке деректерді растауға;

– мемлекеттік бажды төлеуге (өз қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алуға) мүмкіндік береді.

Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді және ХҚКО-да кезекті болдырмайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр