Енді жедел жәрдемді кешке немесе түнде шақырта алмауыңыз мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түзетуге сәйкес 4-санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

4-санаттағы шақыртуға адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың (жіті немесе созылмалы аурудың асқынуы) өршуі, аллергиялық аурулар, жеңіл жарақаттар (күйіктер, көгерулер), жәндіктердің шағуы, құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты жағдайлар жатады.

Бұл түзетулер тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан жасалды. Жобаны талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.

Өзгерістің 1, 2, 3 санаттағы науқастардың шақыртуына қатысы жоқ, оларға тәулік бойы қызмет көрсетіледі. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды