Енді VIP-нөмірге онлайн тапсырыс беруге болады

Енді автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы онлайн таңдап, тапсырыс беруге болады.

Depositphotos

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Жаңа цифрлық қызмет арнайы ХҚКО-ларға жеке бармай-ақ, мемлекеттік нөмірге онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.

«Өтінімді рәсімдеу толықтай онлайн форматта іске асырылады және бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы "ЦОН" мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, "Мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру" қызметін таңдайды. Одан кейін қалаған сериясы мен нөмір комбинациясын енгізеді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады», – делінген ресми ақпаратта.

Нөмір болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірді алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Таңдалған нөмір бос болмаса, жүйе оны хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.

Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды