Енді төтенше жағдайлар органдарының келісімінсіз тоғыз қабаттан жоғары ғимараттарды пайдалануға тыйым салынады

Төтенше жағдайлар органдарының келісімінсіз тоғыз қабаттан жоғары ғимараттар пайдалануға және арнайы техникалық шарттарды әзірлеуге жол берілмейді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл норма енді азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізіледі. Яғни, егер бұрын құрылыс салушылар өздері арнайы техникалық шарттар жасап, ғимараттар тұрғызса, енді мұны төтенше жағдайлар органдарының рұқсатынсыз жасауға жол берілмейді.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, төтенше жағдайлар органдары адамдар көп жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар беруге уәкілетті. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарға рұқсат беру және біліктілік талаптарын белгілеу құқығы беріледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады