Енді мұғалімдерді ешкім рилс түсіруге мәжбүрлей алмайды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты заң жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде депутат Threads желісінде жазды.

«Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік.

 Бұл – өте маңызды мәселе.

Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен саналы тәрбие берумен айналысуы тиіс», – дейді Аймағамбетов.

Заң жобасы келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылана бастайды.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті