12 августа 2025 г. 14:40

Мектептерде жасанды интеллект оқытылады

Фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мектеп бағдарламасына жасанды интеллект енгізу жөніндегі пилоттық жобасының басталғаны туралы баяндады.

Алматы, NEGE. Жоба Massachusetts Institute of Technology (MIT) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады және бастауыш сыныптан бастап орта мектепке дейінгі барлық сыныптарды қамтиды.

Бағдарламаның бірінші кезеңі – 1–4 сыныптарда цифрлық сауаттылық сабақтарына жасанды интеллектті енгізуді көздейді. Day of AI-дың тегін контенті пайдаланылады – ұзақтығы 30–60 минуттық, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтары және оқушыларға арналған материалдары бар интерактивті сабақтар. Контент қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады.

Екінші кезең – бағдарламаны 1–12 сыныптарға дейін кеңейту. Бұл барлық оқушыларды – бастапқы деңгейден бастап, жасанды интеллектіні меңгерудің жоғары деңгейіне дейін толық қамтуды қамтамасыз етеді. Аталған бағдарлама неғұрлым мұқият бейімдеуді қажет ететіндіктен, екінші кезеңде іске қосылады.

Оқу-ағарту министрлігіне Day of AI бағдарламасын мектеп білім беру жүйесіне міндетті білім беру бағдарламасы ретінде енгізу ұсынылады.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 8 042 мектеп бар, оның 7 917-сі интернетке қосылған, оның ішінде 4 663-і талшықты-оптикалық желілер арқылы, тағы 3 254-і басқа технологиялар бойынша.