Енді қыз алып қашқандар бас бостандығынан айырылады

Некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

фильмнен кадр

Алматы, NEGE. Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша түзетулерді қарау барысында депутаттар Қылмыстық кодексті «Неке қиюға мәжбүрлеу» деген жаңа 125-1 баппен толықтыруды ұсынды.

Енді мәжбүрлі неке үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Егер бұл әрекет кәмелетке толмаған адамға жасалса, адамдар тобының күш қолдануы немесе қызметтік бабын асыра пайдаланумен байланысты болса, онда бас бостандығынан айыру мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзарады.

Ал ауыр зардаптар орын алса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысы бойынша адамды ұрлаған тұлға оны өз еркімен босатса да, оның әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаса да, қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады