Енді фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысуға рұқсат етіледі

Үкіметте фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысу құқығын беру мәселесі қаралды.

Nege.kz

Астана, NEGE. Ауыл шаруашылығын қолдау және туризмді дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысуға рұқсат етіледі.

Бұл туралы Үкімет отырысында салалық ведомство министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. 

«Фермерлерге өздеріне қарасты жер телімдерінде агротуризммен айналысу құқығын беру ұсынылады. Қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Бұл шара ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға, ауылдық аумақтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті министр.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды