2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Енді ЭЦҚ тек онлайн беріледі

Бұрын ЭЦҚ кілтін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. 11 тамыздан бастап бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшіріледі.

gov.kz

Алматы, NEGE. ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады:

– egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіру;

– Онлайн өтінім жіберу;

– Биометриялық сәйкестендіруден өту (жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды).

«Кейде жүйе адамды тани алмауы мүмкін. Мысалы, базада фотосурет болмаса немесе техникалық ақау болса, жүйе 5 ретке дейін биометриялық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталғанда ғана ХҚКО-ға жүгінуге болады», - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған.