Енді есірткі қолданған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапқа тартылады

Мәжіліс депутаттары «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады.

Depositphotos

Астана, NEGE. Жаңа редакцияда есірткі, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдану және масаң күйде көлік жүргізу сияқты әрекеттер мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар ретінде айқындалмақ.

Мемлекеттік қызметшілер мұндай теріс қылықтарды жұмыстан тыс уақытта жасаса да, оларды оқу демалысынан келісімінсіз кері шақыртып алып, тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.

«Сонымен қатар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз пайдалануды анықтау және алдын алу үшін мемлекеттік қызметшілерді медициналық куәландыру талаптары енгізіледі», – делінген жаң жобасының түсіндірмесінде.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады.

Бұған қоса, жаңа редакция бойынша, мемлекеттік қызметшілер қылмыстық құқықбұзушылық жасаса, сондай-ақ алкоголь немесе есірткі қолдану салдарынан ауруға шалдықса не өндірістік жарақат алса, оған уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер төленбейді.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты