Енді дәрігерлерге күш көрсеткендер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

ЖИ

Алматы, NEGE. Күзде Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады.

– Медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады; 

– Төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады;

– Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Мұндай шешімге оқиғалардың жиілеуі себеп болды. Мысалы 17 шілде күні Қостанай облысында дәрігерге шабуыл жасалып, ол реанимацияға түскен болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді