Енді дәрігерге терапевтің жолдамасынсыз баруға болады

1 сәуірден бастап қазақстандықтар терапевтен жолдама алмай-ақ тікелей дәрігерге көріне алады, деп хабарлады qazaqstan.tv.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтсақ онколог, дерматолог, кардиолог, невропатолог және хирургтың қабылдауына жазылу үшін жергілікті емханаға алдын ала хабарласасыз.

Сондай-ақ, жастар денсаулық орталығындағы мамандарға да тікелей қаралуға болады. Жылжымалы медициналық кешендердің қызметіне де жолдамасыз жүгінуге мүмкіндік бар.

«2022 жылдан бастап норма енгізілді, бірақ неге бірінші сәуірден бастап деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл ретте біз ақпараттық жүйенің, қосымша арқылы жазылудың жетілдіру жұмыстарын жүргіздік», – деді ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Әсел Қыдырәлиева.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде