Енді баспанасы жоқ кез-келген адам үй кезегіне тізімделе алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Президент тұрғын үй саясатын реформалауға арналған заңға қол қойды. Енді кез-келген кәмелет жасқа толған азамат ешқандай санатқа жатпаса да, тізімге кіре алады. Баспана кезегін Отбасы банк жүйелеп реттейді.


Құзыры кеңейтілген аталмыш банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейіне баса мән береді.
Бұл – біріншіден, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірше құжаттарды egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Заң күшіне енгенімен, Отбасы банкі 6 айдан кейін жұмысты толық бастайды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді