Енді Алматы метросында пойыздар 3 минут сайын жүреді

Алматы метросында таңертең және кешке жүретін электр пойыздардың саны көбейді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қосымша екі электр пойыз қосылуының арқасында таңертең және кешке жолаушыларға күту уақыты 3 минут 6 секундқа дейін азайды.

«Енді бір уақытта 13 құрам қозғалыста болады, бұл жолаушылардың жиналып қалуының алдын алуға және жол жүрудің жайлылығын арттыруға көмектеседі. Метрополитен мамандары жолаушылар легін үнемі бақылап, пойыз қозғалысының кестесіне қажетті жедел өзгеріс енгізіп отырады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?