Енді алкоголь арнайы дүкендерде де ғана сатылуы мүмкін

Нашақорлықпен қатар алкогольге тәуелділік те айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл мәселе Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында көтерілді.

Ашық дерек көзі

Астана, NEGE. – Қоғамдық орындарда алкоголь ішуге қатысты 107 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілді. 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынды. Қоғамда ішімдікке төзбеуді қалыптастыруға жұртшылық тартылуда. Қазіргі таңда 402 елді мекен алкогольден бас тартты, – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Сондай-ақ маскүнемдік мәселесін шешу кешенді тәсілді талап ететіні айтылды. Биыл полиция алкоголь айналымы саласында 7 мыңға жуық заңбұзушылықтың жолын кесті. Кәсіпкерлік субъектілеріне 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 2 252 нысан лицензиясынан айырылды. Алайда кейбір кәсіпкерлер лицензияны басқа тұлғалардың атына рәсімдеп немесе барлардың атын жамылып, тәулік бойы алкоголь сатуын жалғастыруда.

Отырыста келесі ұсыныстар айтылды:

– лицензия беруге қойылатын талаптарды күшейту;

– алкоголь өнімдерін тек жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде сатуды қарастыру.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді