Енді ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды – Көлік министрлігі

Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды.

Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр