Енді Air Astana ұшақтарымен ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар ақы төлейді

Енді балаларды ұшаққа жалғыз отырғызатын болсаңыз, ақы төлеуге тура келеді.

Pinterest

Алматы, NEGE. «Air Astana» әуе компаниясы бүгіннен бастап осындай ереженің енгізілгенін хабарлады.

«Ересектерсіз жолға шығатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін арнайы алым төлеу керек. Оның құны бір жағына — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары», — делінген хабарламада.

Бұл қаржыға борт қызметкерлері сапарлайтын баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап баратын жердегі жауапты тұлғамен кездесуіне дейін алып жүреді. Кішкентай жолаушылар ұшаққа бірінші болып мініп, соңғы қатарда отырады әрі оларды экипаж бақылайды.

Заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі керек. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?