Еңбекші ауданында демеуші есебінен салынған жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша биыл Шымкент қаласында 115 спорт алаңшасын іске қосу жоспарланған.

Шымкент, NEGE. Заманауи спорттық нысандар қала орталығынан шалғайда жатқан тұрғын алаптар мен шағын аудандарға орналастырылмақ.

Кешенді жоспар аясында бүгінге дейін 14 алаңша ашылып, ел игілігіне берілді. Стандарттарға сәйкес салынған алаңшалар стрит воркаут жаттығу кешенімен, футбол, волейбол, бескетбол спорт түрлеріне арналған алаңшалармен қамтылған.

Жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС–нің жеке қоры есебінен салынған тағы бір спорт алаңшасы Еңбекші ауданында ашылды. Қарабастау тұрғын алабындағы пайдалануға берілген көп функционалды спорт алаңшасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Спорт алаңша жеке кәсіпкер «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры демеушілігі есебінен салынды. Қаржы көлемі – 13 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС-гі. Жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайтын бұл нысанда спорттық жабдықтармен және дене шынықтыруға арналған қондырғылармен жабдықталған. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол футбол түрімен және стрит воркаутпен айналысуға болады.

Қарабастау тұрғын алабында 8932 халық тұрады. Оның ішінде жалпы балалар саны 3370.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді