Еңбекке жарамсыздарға және асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлемдер көлемі артады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов 'Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы' Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. "2023 жылдың 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылдың 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларында төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын", делінген қаулыда.

Қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.