23 сентября 2023 г. 9:43

Еңбек заңдылығын бұзуға қатысты 229 дерек анықталды

Фото:

Атырау облысында мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңдылығын бұзуға байланысты 229 деректі анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Думан Әбеуовтің айтуынша, шағымдарға шағымдарды зерделеу үшін 184 тексеру жүргізілген.

«Оның ішінде 45 тексеру шетелдік жұмыс күшін тартатын ірі кәсіпорындар байланысты болып отыр. Тексерудің нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 229 дерек анықталып, 81 әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады Думан Әбеуов.

Биыл Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына 1 567 өтініш тіркелген. Өтініштің 1 417-і қаралып, 864 адамың еңбек қатынастарына қатысты конституциялық құқығы қорғалған.

«Еңбек кодексінің талабын бұзуға байланысты заңсыздықты жою үшін арнайы 99 ұйғарым енгізілді. Еңбек инспекторлары 2 234 адамға құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді», - деп мәлім етті Думан Әбеуов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда кей компаниялар жұмысшыларға жалақысын бермей келгенін хабарлаған едік.

«Жылыой ауданының прокуратурасы жұмысшылардың еңбек құқығын бұзу дерегін анықтады. «Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбекақыны төлемеу, сондай-ақ «ЖылыойСу» МКК мен Теңіз кен орнында «ИнтерТаско» ЖШС-нің жұмысшыларына зейнетақы және әлеуметтік аударымдары жасалмай келген. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбекақы берешегі өтелді. Ал, 744 жұмысшыға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді», - деп хабарлаған еді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тегтер: