Еңбек мигранттарының саны 3,2 есеге қысқарған

Қазақстанда шетелдіктердің 60%-ы құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен саласында жұмыс істейді, ал олардың 52%-дан астамы Атырау облысында еңбек етеді.

Алматы, NEGE. Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшінің жай-күйіне жүргізген талдаудың нәтижесі – ел экономикасына шет елдерден жоғары білікті және орташа білікті жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттар санының соңғы 3 жылда төмендегенін көрсетті.

Биыл шетелдік жұмыс күшіне берілген рұқсаттар саны 3,2 есеге қысқарған. Бұл көрсеткіш елде және әлемде COVID-19 пандемиясы аясында енгізілген карантиндік шараларға да байланысты.

Егер осы үрдіс сақталатын болса, тартылатын шетелдік жұмыс күші тек Қазақстанда ғана емес, өңірлік және жаһандық аспектіде де айтарлықтай төмендейді деген ықтималдық жоғары.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды