Әлемнің ең сұлу әйелдері

TC Candler тәуелсіз сән сыншылары 2019 жылғы әлемдегі ең сұлу жүз әйелдің тізімін жариялады. Сайт 1990 жылдан бастап сайт тұрақты түрде өтіп бара жатқан жылдың ең сұлу әйелдерінің рейтингісін жариялайды. Онда кәсіби модельдер, әйгілі актрисалар мен әншілер, спортшылар, дизайнерлер мен блогерлер де бар.

Алматы, NEGE. Тізімнің соңын, яғни 100 орында «Элистің үйінде қонақта» атты романтикалық комедия арқылы аты шыққан канадалық Лола Флэнери тұр. Ал үндістандық актриса Дипики Падуконе 75-ші орын, Приянка Чопра 55-ші орыннан көрінген. Қазақстандық көрерменге танымал түрік қызы Хандэ Эрчел 21-ші орынды иемденсе, Өзгю Кая 32-ші, Демет Өздемир тізімде 94-ші орын алған. «Тақ таласы» сериалындағы Натали Эммануэль 63-ші, Софи Тернер 52-ші, ал Эмилия Кларк 43-ші орында тұр.

«Харри Поттер» арқылы танылған Эмма Уотсон 25-ші орынға ие болды. Рейтингідегі тұрақты орындарын Ариана Гранде (98-ші орын) мен Селена Гомес (85-ші орын) сақтап қалды. Голливудтың көрікті әйелдері бұрынғыша миллиондардың кумирі болып қалып отыр. Атап айтқанда, Натали Портман (61), аустралиялық Марго Робби (59), Лупита Нионго (35), британдық Кейт Бекинсейл (90) тізімнен қалыс қалмапты.

Сонымен бірге, француз актрисасы Марион Котильяр 77-ші, шведс актрисасы Алисия Викандер 84-ші орын иеленді. Палестиналық тележүргізуші Лина Кишави 79-шы тұр. Қытайлық әртіс әрі модель Ділраба Ділмұрат (тегі ұйғыр) 34-ші орынға табан тіреді. Айта кетсек, 2018 жылы аталған тізімде номинант ретінде қазақстандық модель Айя Шалқар ұсынылған еді. Аталған тізімде үздік үштікте - тай әншісі Пранприя Лалиса Манобан (оңтүстіккореялық BLACKPINK тобының мүшесі, 3-орын), израильдық модель Яэль Шелбиа (2- орын), тайвандық модель Тзую (1-ші орын).

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ